Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 20.06.2013 № 01-10-682 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген, Жылу энергиясын пайдалану ережесінің 67 тармағына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын белгілеу үшін ұсынылған есептеу негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыту мақсаты үшін «Теміржолжылу-Кызылжар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын, коммерциялық есепке алу аспабы жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін, Щучинск қаласында тұрғын үйлердің жалпы алаңдарының бір шаршы метріне жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру маусымына айына 0,0077 гекокалорий/м2 мөлшерінде бекітілсін.
2. Жылыту мақсаты үшін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Термо-Транзит» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылытатын, коммерциялық есепке алу аспабы жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін, Щучинск қаласында тұрғын үйлердің жалпы алаңдарының бір шаршы метріне жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру маусымына айына 0,03654 гекокалорий/м2 мөлшерінде бекітілсін.
3. Жылыту мақсаты үшін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Термо-Транзит» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылытатын, коммерциялық есепке алу аспабы жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін, Зеленый Бор кентінде тұрғын үйлердің жалпы алаңдарының бір шаршы метріне жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру маусымына айына 0,04139 гекокалорий/м2 мөлшерінде бекітілсін.
4. Суқұбыры суын жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Термо-Транзит» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылытатын, коммерциялық есепке алу аспабы жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін, Щучинск қаласында тұрғын үйлердің жалпы алаңдарының бір шаршы метріне жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру маусымына айына бір адамға 0,19 гекокалорий және суды есепке алу аспабымен жылу беру маусымына айына 0,05 гекокалорий/м3 мөлшерінде бекітілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Каменовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев