Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2012.06.16 № 2137 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім ұйымдары қызметінің Типтік ережелерінің 17 тармағына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 «Мектепке дейінгі білім мекемелерін ұстаудағы және пайдаланудағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық түрінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ұстау үшін ата-аналардан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан алынатын тамақтану үшін төлем көлемі белгіленсін:
1) 10,5 сағаттық болу тәртібімен 400 теңге;
2) 12 сағаттық болу тәртібімен 420 тенге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Әбдібеков