Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 2166 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда № 3-1-174 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 3260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 22.08.2016 № 3260 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы № 57-58 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың екінші азат жолы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "қылмыстық - атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 3 % көлемінде".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Арынғазиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады