Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 наурызда № 3-2-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, жергілікті халқының пікірін ескере отырып, Қызылжұлдыз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің № 2 "Көшелерге атау беру туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-51 ретпен тіркелген, 2008 жылдың 11 қыркүйегіндегі "Жаңалық жаршысы" газетінде № 37 (1496) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" - бұрынғы Қызылжұлдыз селосының тұрғыны, қоғам қайраткері. Екінші көше "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" деп аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау село әкімі аппаратының бас маманы О.З.Абдигалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжұлдыз селолық
      округінің әкімі                             А.Төлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады