Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 4 шілдеде N 3-2-51 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімінің 27.06.2016 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қызылжұлдыз ауылдық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімінің 27.06.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2017 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Қызылжұлдыз ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылжұлдыз ауылдық округіндегі көше атаулары қайта аталсын:
      1) Амангелді Иманов – 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісінің басшысы, батыр соның есімімен.
      2) "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" - бұрынғы Қызылжұлдыз ауылының тұрғыны, қоғам қайраткері. Екінші көше "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" деп аталсын.
      3) Абай – қазақ халқына белгілі ақын, данышпан, философ. Үшінші көше Абай есімімен аталсын.
      4) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы. Кеңес Одағының батыры.Төртінші көше соның есімімен аталсын.
      5) Жамбыл – қазақ халқының ақыны. Бесінші көше соның есімімен аталсын.
      6) Былшық би – осы өңірден шыққан атақты биі, соның есімімен аталсын.
      7) Мәншік Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, соның есімімен аталсын.
      8) Әліби Жангелдин – революция қайраткері Қызыл керуен көсемі халқымыздың зиялысы, көше соның есімімен аталсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімінің 2012.03.05 № 3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі: З.Бөлекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады