Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2013.01.23 № 02-192 Хатымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 58 «2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 13 сәуірде № 3-4-146 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 18 (7118) «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы шақыру комиссиясының құрамынан Аманғос Абат Қожайұлы шығарылсын;
көрсетілген құрамға:
Спанова Шара Қуанышқызы – Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М. Аққағазов