Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2013.01.23 № 02-192 Хатымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ, шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізсін.
2. Әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
4. Ұсынылсын:
1) «Байғанин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі (А.Омаров, келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
5. Ауылдық, селолық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
6. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) шақыру қорытындысы туралы 2012 жылдың 5 шілдесінде және 2013 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М. Аққағазов
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
30 наурыздағы № 58 қаулысына
ҚОСЫМША
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012.09.21 № 207 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Спанова Шара Қуанышқызы Байғанин ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасы
Құлниязов Алмас Якияұлы «Байғанин ауданының
қорғаныс істері бөлімі»
ММ бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Асқаров Серік Амангалиевич «Байғанин аудандық ішкі
істер бөлімі» бастығының
орынбасары (келісіммен)
Сарбаева Нұргүл Сүндетқызы «Байғанин аудандық
орталық аурухана» МКҚК
бас дәрігерінің
орынбасары (келісіммен)
Құлданова Жазира Ешмұқанқызы Байғанин аудандық
емханасының медбикесі,
комиссия хатшысы
(келісіммен)