Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 24.10.2012 № 164 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы" жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 27 шілдедегі ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді селосында ірі қара малдары арасынан құтыру ауруының эпизоотия ошағының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу шараларын енгізіп ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (К.Амангосова) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасарына (Қ.Ізбағанбет) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық
округі әкімі Е.А. Қалиев