Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 43 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 мамырда № 3-5-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 24 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2013.01.29 № 24 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Ұсынылсын:
      1) «Ырғыз аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізу;
      2) Ырғыз аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру.
      5. Селолық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      6. «Ырғыз аудандық қорғаныс icтеpi жөнiндегi бөлiмі» мемлекеттік мекемесі (М.Ыбраев) аудан әкіміне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Шахинге және «Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Ыбраевқа жүктелсiн.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                               М. ДУАНБЕКОВ

Аудан әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 04.04 № 43
қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Шахин Аққанат

Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы

Ыбраев Манас

Ырғыз ауданының қорғаныс icтepi
жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, төраға
орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Назарбаев Еркін

Ырғыз аудандық iшкi iстер бөлiмi
бастығының орынбасары, (келiсiм
бойынша)

Малдығұлова Гүлайым

аудандық орталық аурухананың бас
дәрігерінің орынбасары, медициналық
комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша)

Жаспанова Жаңыл

аудандық орталық аурухананың
мейірбикесі, медициналық комиссия
хатшысы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады