2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 51 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 сәуірде № 3-7-140 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 124 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі аппаратының 2013.01.28 № 124 Хатымен.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір – маусымда және қазан – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс – шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Ұсынылсын:
      1)  «Қобда аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс – шаралар жүргізсін;
      2) Қобда аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      6. «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Сансызбаев) аудан әкіміне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға және «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сансызбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               А. Жүсібалиев 

Аудан әкімдігінің
2012 ж. 2 сәуірдегі
№ 51 қаулысына
Қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Елеусінова Бұлбұл          Қобда ауданы әкімінің
      Ораковна                   орынбасары, комиссия
                                 төрағасы; 

      Сансызбаев Мирбек          Қобда ауданының қорғаныс
      Мухтарович                 істері жөніндегі бөлімі
                                 бастығы, комиссия
                                 төрағасының орынбасары; 

Комиссия мүшелері: 

      Абдығали Орыналы           Қобда ауданының ішкі істер
      Аметұлы                    бөлімі бастығының
                                 орынбасары; 

      Жакиев Жолдыбек            Қобда ауданының орталық
      Асылбекұлы                 ауруханасының орынбасары,
                                 медициналық комиссиясының
                                 төрағасы; 

      Шантасова Жанат            Қобда ауданының орталық
      Серікқалиқызы              ауруханасының медбикесі
                                 комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады