2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 151 қаулысы. Ақтөбе обылысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 мамырда № 3-9-168 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 423 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 18.02.2013 № 423 хатымен).

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Мұғалжар аудандық емханасы» және «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) шақыруды өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Қалалық және селолық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. «Мұғалжар ауданы қорғаныс iстері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Сәбетов) аудан Әкiмiне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Құрмашевке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкiмi                  С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады