Екерту. Күші жойылады - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 20.08.2013 № 110 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Халықаралық балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20000 (жиырма мың) теңгеден;
Халықаралық қарттар күніне, ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 10000 (он мың) теңгеден.
2. Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
3. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
4. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аққұлға жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғаш жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Д.Қалықбергенов С.Салықбаев