Ақсай ауылының құрамды бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде № 3-10-164 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармақшасына және Ақсай ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімге қоса берілген схемалық картаға сәйкес орналасқан, Ақсай ауылының құрамындағы бөліктеріне (қыстауларына) келесі атаулар берілсін:
      1) Бадамша;
      2) Ақжар;
      3) Қондайбаз;
      4) Байғанин;
      5) Ермекбай;
      6) Төрттоғай;
      7) Жаңабаз;
      8) Сүлікті;
      9) Еділсай;
      10) Ойылбаз;
      11) Отарбаз;
      12) Ақтас;
      13) Қаржаубаз;
      14) Сартөбе.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсай ауылдық округінің әкімі А. Әмір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады