Қайыңды селолық округінің "Құмқұдық" ауылына карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды селолық округі әкімінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда № 3-10-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды селолық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды селолық округі әкімінің 12.10.2012 № 12 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторы № 06-11/9 9 қаңтар 2012 жылғы ұсынысына сәйкес Қайыңды селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қайыңды селолық округінің аумағында орналасқан Құмқұдық елді мекенінде ірі қара мал басы арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды селолық округінің әкімі           Е. Жолдығарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады