Ойыл ауданы бойынша 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 69 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 сәуірде № 3-11-110 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013.01.08 № 3 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында есепте тұратын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды Қарулы Күштерді жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде:
      1) «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақырылушыларды сапалы медициналық куаландырудан өткізу үшін білікті дәрігерлер мен орта буын медициналық мамандар бөлсін;
      2) «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      3. «Ойыл аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі», «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері аудан бойынша әскерге шақырылушыларға байланысты іс-шаралардың бюджетте жоспарланған қаржы шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                                 М.Абдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады