Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 82 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 сәуірде № 3-12-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 11.05.2016 № 173 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабының 5-5, 5-6 тармақтарына Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жалпы жұмыс орындарының санынан 1 пайыздық көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 26.03.2013 № 133 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 26.03.2013 № 133 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Усманғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады