Ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 83 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3489 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 246 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 21.11.2018 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Әлеуметтік көмек 10 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың


сессия төрағасы, аудандық


мәслихат хатшысы

Д. Молдашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады