Ескерту.Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 04.03.2013 N 3-3 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" ережесінің 8-тармағына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2012 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Жергілікті бюджеттен субсидиялауды "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (Б.Б.Әлиев) мемлекеттік мекемесі жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыс әкімінің 2012 жылғы
16 қазандағы "Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге 2012 жылға
арналған су беру жөніндегі
субсидия көлемін айқындау
туралы" N 11-10 шешіміне
қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2012 жылға арналған
суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
N пп |
Аудан, қала |
Берілетін су |
Жоспарланған |
1 |
Ақсу |
8,27 |
248,2 |
2 |
Алакөл |
28,05 |
1100,0 |
3 |
Балқаш |
519,0 |
26000,0 |
4 |
Еңбекшіқазақ |
86,96 |
4000,0 |
5 |
Ескелді |
1,89 |
102,26 |
6 |
Жамбыл |
28,8 |
102 121,9 |
7 |
Іле |
21,2 |
1200,0 |
8 |
Қарасай |
3,6 |
208,9 |
9 |
Қаратал |
140,9 |
7611,2 |
10 |
Көксу |
22,4 |
945,14 |
11 |
Панфилов |
174,8 |
8287,0 |
12 |
Сарқан |
66,7 |
2400,0 |
13 |
Талғар |
26,7 |
1500,0 |
14 |
Ұйғыр |
16,8 |
706,6 |
15 |
Қапшағай |
62,1 |
309668,5 |
16 |
Талдықорған |
10,4 |
562,29 |
Облыс бойынша, |
1218,57 |
466662,0 |