Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы "Талдықорған қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 7-259 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 7-219 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 сәуірде N 2-1-157 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 39-1393 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014.12.29 N 39-1393 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы "Талдықорған қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 7-259 қаулысына (2011 жылғы 29 наурыздағы Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-1-139 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 1 сәуірдегі N 14 "Талдықорған" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, Талдықорған қаласы бойынша ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі тізбесінде:
      7 реттік нөмірлі жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Көркем-Талдықорған" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны";
      аталған қаулының 3-тармағында:
      "қала әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаевқа" сөздері "қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Алпысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады