Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 7-226 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 05 қыркүйектегі N 26-928 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 01 қазанда N 2136 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-640 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 21-бабының және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-1-159 және "Талдықорған" газетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі 16-нөмірінде жарияланған) N 7-226 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшаға:
      қалалық шақыру комиссиясының құрамына:
      Ермек Молдақұлұлы Егінбаев - "Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) енгізілсін;
      қалалық шақыру комиссиясының құрамынан Асқар Шахатұлы Шайхин шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады