Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 15.04.2014 N 256 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-7) тармақшасына, 18-2 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Іңкәрбекова Айгүл Серғазықызы) және "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы" (Әбдіқалықова Жеңіскүл Кенжеғалиқызы) мемлекеттік мекемелері жастар практикасын өту үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін және жұмыс берушілермен жастар практикасын өту үшін жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.
3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "Қапшағай қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" № 1 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 22 қаңтардағы N 2-2-100 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 3(66) "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Таубаев
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2012 жылдың 03 ақпанындағы
N 40 "2012 жылға жастар практикасын
ұйымдастыру туралы" қаулысына қосымша
Еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту
үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі
N |
Жұмыс беруші |
Ұйымдас- |
Кәсіби (мамандығы) |
Айлық жалақы мөлшері, теңге |
Жастар практика- |
1 |
"Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Заңгер |
26000 |
6 |
2 |
"Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Экономист |
26000 |
6 |
3 |
"Қапшағай қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Қаржыгер |
26000 |
6 |
4 |
"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Заңгер |
26000 |
6 |
1 |
Есепші |
26000 |
6 |
||
5 |
"Қапшағай қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Экономист |
26000 |
6 |
1 |
Есепші |
26000 |
6 |
||
6 |
"Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Программист |
26000 |
6 |
7 |
"Алматы облысының ішкі істер департаменті Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
Заңгер |
26000 |
6 |
8 |
"НұрОтан" Халықтық Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Қапшағай қалалық филиалы |
1 |
Есепші |
26000 |
6 |
9 |
"Zhersu Metal" акционерлік қоғамы |
1 |
Есепші |
26000 |
6 |
1 |
Іс жүргізуші |
26000 |
6 |
||
10 |
"Қамқор" мемлекеттік коммуналдық |
1 |
Есепші |
26000 |
6 |
2 |
Электрмен- |
26000 |
6 |
||
11 |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
1 |
Слесарь |
26000 |
6 |
1 |
Электрик |
26000 |
6 |
||
12 |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "КРП – Темір" |
2 |
Есепші |
26000 |
6 |
13 |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Қапшағай құрылыс комбинаты" |
2 |
Есепші |
26000 |
6 |
14 |
"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы N 311200 Қапшағай басқармасы |
1 |
Менеджер |
26000 |
6 |