Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 512 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 05 қазанда N 2141 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі N 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 15.04.2014 N 256 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңы 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментіндегі Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 25 сәуірдегі тіркелген нөмірі N 2-2-137 және "Нұрлы өлке" газетінің 2012 жылғы 2 мамырдағы 19-нөмірінде жарияланған) N 162 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшаға:
      қалалық шақыру комиссиясының құрамына:
      Ахтанберді Нарматұлы Қалқабай - Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Болатұлы Айдар - "Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) енгізілсін;
      қалалық шақыру комиссиясының құрамынан Жанат Асылханұлы Асантаев және Нұрғазы Аманұлы Түсіпбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ахтанберді Нарматұлы Қалқабайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Таубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алматы облысының денсаулық
      сақтау басқармасының шаруашылық
      жүргізу құқығындағы "Қапшағай
      қалалық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорынның директоры                     Әспет Жәлкенқызы Ербосынова
      24 қыркүйек 2012 жыл

      "Қапшағай қаласының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Жанат Қуанышұлы Құдайбергенов
      24 қыркүйек 2012 жыл

      "Алматы облысы Қапшағай
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Айдар Болатұлы
      24 қыркүйек 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады