Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 162 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 25 сәуірде N 2-2-137 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі N 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 15.04.2014 N 256 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық округтерінің әкімдері Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, 6 үй мекен-жайындағы "Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3.Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Ауылдық округтерінің әкімдері 2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жанат Қуанышұлы Құдайбергеновке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырсын, шақыру және шақырылушыларды жіберу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
      6. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы" N 151 (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылдың 15 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-2-119 нөмірімен енгізілген, қалалық "Нұрлы өлке" газетінің 2011 жылғы 21 сәуірінде 17 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Таубаев

Қапшағай қала әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың сәуір-
маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 162 қаулысына
1-қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012.09.24 N 512 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ахтанберді Нарматұлы
Қалқабай

Комиссия төрағасы,
Қапшағай қаласы әкімінің
аппаратының басшысы

Болатұлы Айдар

Комиссия төрағасының орынбасары,
"Алматы облысы Қапшағай қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы

Комиссия мүшелері

Төребеков Ғалым Еркінбекұлы

"Қапшағай қалалық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары

Бисеитова Гүлғасыл
Айтмұхамбетқызы

"Қапшағай қалалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының емхана меңгерушісі,
медициналық комиссиясының төрайымы

Жанзақова Базаркүл
Махметқызы

комиссия хатшысы, "Қапшағай
қалалық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
емханасының медбикесі

Қапшағай қала әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың сәуір-
маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 162 қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізуінің кестесі

р/с
N

Елді
мекенінің
аталуы

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1

Қапшағай қ.

200

200

180

200

200

180

2

Шеңгелді а.

120

30

-

120

30

-

3

Заречный а.

60

10

-

60

10

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады