"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы N 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 672 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 28 желтоқсанда N 2277 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 01.04.2024 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы N 648 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 22 желтоқсанда N 2-2-127 тіркелген, 2012 жылы 02 қаңтарда N 01-02 (175) "Нұрлы Өлке" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын: "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".

      Көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н. Таубаев

КЕЛІСІЛГЕН:


"Қапшағай қаласының жұмыспен


қамту әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

А. Іңкәрбекова


      10 желтоқсан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады