Текелі қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 шілдедегі N 34-268 "Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы N 4-27 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 12 сәуірде N 2-3-110 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 22-139 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 08.11.2013  N 22-139 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 шілдедегі N 34-268 "Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Текелі қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 тамызда 2-3-97 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне енгізілген, 2011 жылғы 9 қыркүйектегі "Текелі тынысы" газетінің 36 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасына және әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін".
      Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінің жалпы ережесінде:
      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегі Текелі қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға).
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға.
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға.
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады."
      3-тармақта:
      бірінші абзац алынып тасталсын;
      "күрделі жөндеуге" деген сөздер "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4-тармақта:
      "айдан бастап" деген сөздер алынып тасталсын.
      6-тармақта:
      5)-тармақша алынып тасталсын.
      6)-тармақша келесі редакцияда жазылсын:
      "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар".
      8)-тармақша келесі редакцияда жазылсын:
      "жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот".
      121314-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      V шақырылымындағы кезектен тыс
      IV сессиясының төрайымы                    Г. Ибраимова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Әбдалиев Ерлан Жеңісбайұлы
      30 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады