Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 517 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қазанда N 2149 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 қаңтардағы N 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 09.01.2013 N 3 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (2011 жылғы 24 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-4-139 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Ақсу өңірі" газетінің N 50 (9581) жарияланған) N 890 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "бір жарым" сөзі "үш" сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Қорғанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығы               Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
      27 қыркүйек 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады