Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы N 24 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 11 маусымда N 2-5-174 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 шілдедегі N 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2012.07.16 N 39 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 14 наурыздағы N 01 ұсынысы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Бескөл ауылдық округіне қарасты 5-ші разъезд тұрғындарының ірі қара малдарының арасынан құтырма ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бескөл ауылдық округінің бас маманы мал дәрігері Бейсембаев Серик Кумитовичке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бескөл ауылдық
      округінің әкімі                            С.А. Сасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады