Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 наурыздағы N 144 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 наурызда N 2-7-134 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 26.09.2016 № 479 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      1) бір жылдан артық мерзімде жұмыс істемеген тұлға.
      2) елу жастан асқан тұлға.
      3) бұрын жұмыс істемеген тұлға.
      4) жиырма бір жастан бастап, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      5) өз бетінше жұмыс істейтін тұлға.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Далабаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жамбыл аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
      "Жамбыл ауданының жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Авгамбаев Еркін Нұрсейітұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады