Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 285 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 25 сәуірде N 2-7-138 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің  14.03.2013 N 155 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Селолық және поселкелік округ әкімдеріне Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, Жандосов көшесі, 77 үй мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Селолық және поселкелік округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлына (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, әскери шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      6. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 277 (Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 06 мамырдағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-7-120 нөмірімен енгізілген, аудандық "Атамекен" газетінің 2011 жылғы 25 маусымдағы 25 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Чажабаев Жұмабек Тоқаұлына жүктелсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Далабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жамбыл ауданының орталық
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы
      11 сәуір 2012 жыл

      "Жамбыл ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы
      11 сәуір 2012 жыл

      "Жамбыл ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Жамауов Мекебек Жамауұлы
      11 сәуір 2012 жыл

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусым және қазан-
желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" N 285 қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012.10.08 N 784 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      Чажабаев Жұмабек Тоқаұлы - Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
      Асылбеков Ержан Сансызбайұлы – "Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

      Комиссия мүшелері:

      Абдуллаев Сапарғали Сейітханұлы - "Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
      Вильданов Талғат Сраждинұлы - Медициналық комиссиясының төрағасы, "Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары;
      Джаркинбаева Ляйлә Чуткыбайқызы - Комиссия хатшысы, "Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады