РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 07 маусымдағы N 37 ұсынысы негізінде, Түрген селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түрген селолық округінің Түрген ауылында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Б. Елеусізова
КЕЛІСІЛДІ:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторы Сайлаубек Қабылбекұлы Темешев
05 шілде 2012 жыл
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Ермек Әсемқұлұлы Әсемқұлов
05 шілде 2012 жыл