РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық округ әкімдеріне Қарабұлақ кенті Строителей көшесі, 13 үй мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандары, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. "Ескелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына Журынов Кайрат Мухаметкалиұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, әскерге шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қаиргали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Манапов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді ауданының орталық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры Албаков Ильзат Назимұлы
27 наурыз 2012 жыл
"Ескелді ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Журынов Кайрат Мухаметкалиұлы
27 наурыз 2012 жыл
"Ескелді ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қанағатов Асан Уахитұлы
27 наурыз 2012 жыл
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
27 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының ер азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 73 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Қайрғали Айтжанұлы Әлібаев - "Ескелді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі" аудан әкімі орынбасары,комиссия төрағасы;
Асан Уахитұлы Қанағатов - "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Болат Жібегенұлы Берліқожанов - "Алматы облысы Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Виктория Дмитриевна Пак - Медициналық комиссияның төрағасы "Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорының орынбасары;
Сара Оралханқызы Боранбекова - Комиссия хатшысы, "Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі.