Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Шымыр ауылындағы атаусыз көшеге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 06 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 24 қазанда N 2155 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармағына сәйкес және Ескелді аудандық қоғамдық ономастика комиссия келісімі сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарабұлақ кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Шымыр ауылының солтүстік-батыс жағында орналасқан атаусыз көшеге "Кемеращы" аты қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қарабұлақ кенттік округі әкімінің орынбасары Аян Бауыржанұлы Рысбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ кенттік
      округінің әкімі                            Ж.М. Тоқпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады