Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 қарашадағы N 25-120 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 13 желтоқсанда 2519 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 27-134 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.05.2018 № 27-134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Іле ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Іле аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі "Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы" N 6-24 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылы 7 мамырда N 2-10-158 нөмірімен тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2012 жылғы 25 мамырдағы 21 нөмірінде (4449) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау Іле аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы А. Исаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Тұрымбетов
      КЕЛІСІЛГЕН:
      "Іле ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Қармандаев Қайрат Сүлейменұлы
      "Іле ауданының кәсіпкерлік
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Мұсаев Бахыт Жармахамбетұлы

  Іле аудандық мәслихатының
2013 жылғы 7 қарашадағы
"Іле ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
белгілеу туралы" N 25-120
шешіміне қосымша

Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларының
мөлшері

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Іле ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

25

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады