РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімімен және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы Боралдай кентінің шығысында орналасқан жаңа көшеге "Бережинский Алексей Федорович" аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Боралдай кенті әкімінің орынбасары Тоқмолдаев Мұхамедқали Мақажановичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Боралдай кентінің әкімі М. Сәлімбаев