РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жетіген ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жетіген ауылдық округіндегі Жетіген, Еңбек, Құйған ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттары қойылсын:
1) Жетіген ауылының батысында орналасқан көшелерге "Тәуелсіздік", "Сырдария", "Каспий", "Жұлдыз", "Мерей", "Жаңаталап", "Ақжайық", "Бірлік", "Ертіс", "Орда", "Шалқар" Жетіген ауылының шығысында орналасқан көшелерге "Бастау", "Жігер", "Ұлытау", "Арал", "Қызылсу", "Шыңғыстау", "Есіл", "Тарбағатай", "Алакөл", "Ақбұлақ", "Шу", "Талас", "Марқакөл", "Айнабұлақ", "Алтай".
2) Құйған ауылының солтүстігінде орналасқан көшелерге "Алмалы", "Кеңжайлау", "Іле", "Өркен", "Мыңбұлақ", "Көлбастау", "Болашақ".
3) Еңбек ауылының солтүстігінде орналасқан көшелерге "Арыс", "Қарауылтөбе", "Сарысу", "Жартас", "Қызылжар", "Қызылтау", "Арқалық", "Бестерек".
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жетіген ауылдық округ әкімінің орынбасары Юсупов Әлімжан Асқарұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетіген ауылдық
округінің әкімі М.Б. Әлібеков