РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Іле аудандық ономастика комиссиясының келісімі, сондай-ақ ауыл халқының пікірін ескере отырып, Чапаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чапаев ауылы Селекцентр ықшам ауданының оңтүстік батысында орналасқан жаңа көшелеріне "Сүйінбай", "Қабанбай батыр", "Ескелді би", "Мәлік Ғабдуллин", "Құрманғазы" аттары қойылсын.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау Чапаев ауылы әкімінің орынбасары Сакипова Гүлжан Рамазанқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чапаев ауылының әкімі Д. Қоңырбаев