Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 3-276 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Карасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қазандағы N 10-1263 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 16 қазанда N 2147 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 6-1387 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 25.06.2014 № 6-1387 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-11-119 және "Заман жаршысы" газетінің 2012 жылғы 05 мамырдағы 19-нөмірінде жарияланған) N 3-276 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшаға:
      аудандық шақыру комиссиясының құрамына:
      Ұлтай Амангелдіқызы Бархинова - "Қарасай ауданы әкімінің орынбасары" (келісім бойынша) енгізілсін;
      аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Е.А. Қалиев шығарылсын.
      Нұрғазы Аманұлы Түсіпбеков - "Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) енгізілсін;
      аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Мұратбек Абенұлы Желеуов шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұлтай Амангелдіқызы Бархиноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Дәуренбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы
      "Қарасай аудандық емханасы"
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорынның директоры                     Асхан Мархабаевич Байдувалиев
      04 қазан 2012 жыл

      "Қарасай ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Нұрғазы Аманұлы Түсіпбеков
      04 қазан 2012 жыл

      "Қарасай аудандық ішкі
      істер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Данияр Камалбекович Казербаев
      04 қазан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады