Ұмтыл ауылдық округі Алмалыбақ, Жалпақсай, Жамбыл, Ұлан, Көлді, Мерей ауылдарындағы жаңа көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінің 2012 жылғы 22 қарашадағы N 11-169 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 желтоқсанда N 2250 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына cәйкес және Қарасай аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Ұмтыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұмтыл ауылдық округіндегі Алмалыбақ, Жалпақсай, Жамбыл, Ұлан, Көлді, Мерей ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттар қойылсын:
      1) Алмалыбақ ауылының шығысында орналасқан көшелерге бірінші көшеге -Үшқайың, екінші көшеге – Жылыбұлақ, үшінші көшеге – Аққайың, төртінші көшеге – Алмалы, бесінші көшеге – Бәйтерек, алтыншы көшеге -Қайнар, жетінші көшеге- Райымбек батыр, сегізінші көшеге – Самал, тоғызыншы көшеге – Хантәңірі, оныншы көшеге - Шұғыла.
      2) Жалпақсай ауылының шығысында орналасқан көшелерге бірінші көшеге - Береке, екінші көшеге- Достық, үшінші көшеге – Керемет, төртінші көшеге - Сұлусай.
      3) Жамбыл ауылының оңтүстік шығысындағы орналасқан көшелерге бірінші көшеге - Алтындән, екінші көшеге –Ақсай, үшінші көшеге- Үшбұлақ, төртінші көшеге –Іргелі, бесінші көшеге – Нұра, алтыншы көшеге - Май, жетінші көшеге – Алмалы, сегізінші көшеге – Жастар,тоғызыншы көшеге – Дихан, оныншы көшеге - Ақкент, он бірінші көшеге – Көктөбе, он екінші көшеге – Сұлутөбе, он үшінші көшеге - Жайлау, он төртінші көшеге – Таң, он бесінші көшеге- Ақжар, он алтыншы көшеге – Тәуелсіздік, он жетінші көшеге – Бұлақты, он сегізінші көшеге - Дәулет, он тоғызыншы көшеге – Ақтоған, жиырмасыншы көшеге – Бірлік, жиырма бірінші көшеге – Береке, жиырма екінші көшеге – Жерұйық, жиырма үшінші көшеге – Жылыбұлақ, жиырма төртінші көшеге – Көкжиек, жиырма бесінші көшеге – Көктем, жиырма алтыншы – Кеңдала, жиырма жетінші көшеге – Қарағайлы, жиырма сегізінші көшеге - Үлгілі.
      4) Ұлан ауылының солтүстігінде орналасқан көшелерге бірінші көшеге - Ұлан, екінші көшеге – Көкжиек, үшінші көшеге – Алтынорда, төртінші көшеге – Барыс, бесінші көшеге – Жібек жолы, алтыншы көшеге – Жаңаталап, жетінші көшеге – Жазықдала, сегізінші көшеге – Кеңдала, тоғызыншы көшеге – Көксай, оныншы көшеге – Көктал, он бірінші көшеге – Нұрлы, он екінші көшеге – Сайлы, он үшінші көшеге – Тобықты, он төртінші көшеге – Түркістан, он бесінші көшеге – Шаған, он алтыншы көшеге – Ынтымақ.
      5) Көлді ауылының оңтүстігінде орналасқан көшелерге бірінші көшеге - Ынтымақ, екінші көшеге - Балдәурен, үшінші көшеге - Еркін, төртінші көшеге -Мұра, бесінші көшеге - Жайық, алтыншы көшеге – Алатау, жетінші көшеге – Алмалы, сегізінші көшеге – Еңбекші, тоғызыншы көшеге – Жайлау, оныншы көшеге – Жазық, он бірінші көшеге – Жайдарлы, он екінші көшеге – Желтоқсан, он үшінші көшеге – Көктерек, он төртінші көшеге – Көктал, он бесінші көшеге – Тәуелсіздік, он алтыншы көшеге – Теректі, он жетінші көшеге - Үшқоңыр.
      6) Мерей ауылының солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге - Бәйтерек, екінші көшеге – Достық, үшінші көшеге - Қарағайлы аттары қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Г. Салықбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады