Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 қазандағы N 12-52 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 07 қарашада 2162 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі N 22-96 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 24.09.2013  N 22-96 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Қаратал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы  N 57-260 "Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылы әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қарашадағы 2-12-182 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 2 желтоқсандағы аудандық "Қаратал" газетінің 50 (7157) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б. Кумаров

      Мәслихат хатшысы:                          Б. Смаилов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қаратал ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Серік Жапарұлы Амандосов
      2012 жыл 17 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады