Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 86 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 12 сәуірде N 2-13-154 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 30.09.2016 № 405 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабы 1–тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27–бабының 3–тармағына, 28–бабының 1–тармағына, 31–бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне Сарыөзек кенті, Құлжабай би көшесі, 6 үй мекен–жайында орналасқан "Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1–қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2–қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Кенттік, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына Беспаев Серік Аманкелдіұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 85 (Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 08 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-13-137 нөмірімен енгізілген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 15 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Жантілеуов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Кербұлақ ауданының орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның директоры Беғали Бейсембекұлы Бельдибеков
      "Кербұлақ ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Серік Аманкелдіұлы Беспаев
      26 наурыз 2012 жыл
      "Алматы облысы Кербұлақ
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының лауазымын
      уақытша атқарушы, майор Азамат Ержігітұлы Габбасов

  Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданында 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 86 қаулысына 1–қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Болысбай Тоғысбайұлы Момбаев – комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
      Азамат Ержігітұлы Габбасов – комиссия төрағасының орынбасары, "Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының лауазымын уақытша атқарушы, майор;
      Комиссия мүшелері:
      Бекетай Жұматайұлы Алимбаланов – аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі;
      Нұржан Оразкенұлы Сергазинов - медициналық комиссиясының төрағасы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары;
      Жанна Құсаинқызы Идиатова - комиссия хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі.

  Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданында 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 86 қаулысына 2–қосымша

Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ

р/с
N
Әскерге шақыруды
өткізу айы
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштер әскер қатарына
жіберілетіндердің жалпы саны
1
Сәуір
50 адам
2
Мамыр
50 адам
3
Маусым
50 адам
4
Қазан
50 адам
5
Қараша
50 адам
6
Желтоқсан
50 адам

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады