Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 10.02.2014 N 26-161 шешімімен.
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012.11.09 N 11-72 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012.11.09 N 11-72 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Сәуле Молданазарқызы Шуақова
Мәслихат хатшысы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Диханбаева Айгүл Тұрдахунқызы
26 наурыз 2012 жыл