Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы N 04-23 "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 қарашадағы N 11-72 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 30 қарашада N 2206 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы N 26-161 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 10.02.2014 N 26-161 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" N 04-23 шешіміне (2012 жылдың 25 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-13-157 енгізілген, 2012 жылдың 4 мамырындағы аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің N 18 (3611) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің бірінші орынбасары Б. Исабековке жүктелсін.
      3. Осы шешіммен енгізілген өзгерістер әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2013 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Бақытбек Сансызбайұлы Есімов

      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Диханбаева Айгүл Тұрдахынқызы
      09 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады