Кербұлақ ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 09-62 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 30 қазанда N 2158 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қыркүйекте N 21-127 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 18.09.2013 N 21-127 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтiк қорғау, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және спорт, жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Сапар Жұмабайұлы Нұрмұханбетов

      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Диханбаева Айгүл Тұрдахынқызы
      28 қыркүйек 2012 жыл

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі
"Кербұлақ ауданында аз қамтамасыз
етiлген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегiн көрсетудiң
мөлшерiн және тәртiбiн айқындау
туралы" N 09-62 шешiмiне
қосымша

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбi

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес әзiрлендi.

Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiнде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматының) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғындық көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы – кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
      учаскелік комиссия - әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстар- кондоминиум объектiлерінiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп- ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiлерінің ортақ мүлкiн күтiп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай ақ болашақта кондоминиум объектiсiн ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға);
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнама белгiленген тәртiппен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Белгiленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн азаматтар жалпы негiздер бойынша төлейдi.
      Тұрғын үй көмегі (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерiн, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды қоспағанда, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретiнде уәкiлеттi органда тiркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегiне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау

      4. Тұрғын үй көмегi тағайындалады - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады. Қайталанған өтiнiш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімімен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
      Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға берушi аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемi, бөлме саны көрсетiлген жекешелендiру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келiсiм шарты);
      3) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар.Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5) Тұрғын үйдi (Тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары,телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек–шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      7) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
      8) жекеменшігінде бір үйден басқа үйі жоқ екендігі туралы анықтама жылына бір рет ұсынылады.
      Өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның төлем түбіртектерін ұсыну қажет.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегін төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті органы жоқ болған жағдайда өтініш беруші тұрғылықты мекен - жайы бойынша құжаттарды ауылдық округтердің әкіміне өткізеді.
      8. Уәкiлеттi орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкiмінің атынан өтінішімен оған қоса құжаттармен және учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен бiрге өтiнiштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн iшiнде қарайды және тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он бес күн мерзiмде уәкiлеттi органды көмек мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе алуға әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етедi.
      Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесi тоқсанда жүргiзiледi (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерiктi түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға тиiс.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі құжаттардың көшірмелерін тексеріп, оларды тіркеуден өткізеді және өтініш берушіге құжаттарын қабылдағаны жөніндегі растайтын құжат беріледі.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      12. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      14. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кiшкене газ баллон);
      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – бiр айға 45 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – бiр айға 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету – әр отбасы мүшесіне су өлшеуіш құралы болған жағдайда көрсеткішке байланысты;
      4) қатты отынды тұтыну: пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына бес тонна көмiр.
      15. Сол аумақтың халқын көмiрмен қамтамасыз ету бағасын "Кербұлақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ұсынады.

Қаржыландыру және төлеу

      16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      17. Тұрғын үй көмегiн төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады