Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылдық округі әкімінің 26.11.2013 № 25 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 23 қазан 2012 жылғы N 273-ші 9 ұсынысының негізінде, Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жайнақ батыр ауылдық округінде ірі қара малдар арасынан сібір жарасы ауруынан "күдікті" жағдайларының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайнақ батыр ауылдық округінің мал дәрігері бас маман Джолдыбаев Айдар Аленұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайнақ батыр ауылдық
округінің әкімі О. Байтоғаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Кербұлақ аудандық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Тоқабаев Сламбай Нұрәділұлы
12 қараша 2012 жыл
Кербұлақ ауданы бойынша
"Мемлекеттік санитарлық–
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ешкенов Ертай Оразұлы
12 қараша 2012 жыл