Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 03 ақпандағы N 12 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 28 ақпанда N 2-15-117 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 264 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына сәйкес, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) Бір жылдан артық мерзімде жұмыс істемеген тұлға.
      2) 50 жастан асқан тұлға.
      3) Бұрын жұмыс істемеген тұлға.
      4) 21 жастан бастап, 29-жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Медеуов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық "Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлы
      03 ақпан 2012 жыл
      Аудандық "Жұмыспен қамту
      орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Мәсімбаев Біләл Әукенұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады