Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 қарашадағы N 5-11-79 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 15 қарашада N 2190 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5-39-261 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5-39-261 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53–бабының 2–тармағының 2) тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй- жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі, спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Ж. Абилов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Панфилов аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Жапарұлы Жақыбай Азат
      02 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады