Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы N 2-17 шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы N 02-95 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 11 наурызда N 2-18-138 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
      1) Алатау ауылдық округінің Байбұлақ ауылына жалпы көлемі 1,40 гектар, Береке ауылына жалпы көлемі 2,0 гектар, Қызыл-Қайрат ауылына жалпы көлемі 0,08 гектар, Рысқұлов ауылына жалпы көлемі 11,2328 гектар жер қосылсын.
      2) Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылына жалпы көлемі 14,1063 гектар жер қосылсын.
      3) Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылына жалпы көлемі 16,434 гектар, Бірлік ауылына жалпы көлемі 6,06 гектар жер қосылсын.
      4) Бесқайнар ауылдық округінің Бесқайнар ауылына жалпы көлемі 1,13 гектар жер қосылсын.
      5) Гүлдала ауылдық округінің Қайрат ауылына жалпы көлемі 41,77 гектар жер қосылсын.
      6) Кеңдала ауылдық округінің Ақдала ауылына жалпы көлемі 3,9 гектар, Кеңдала ауылына жалпы көлемі 50,0 гектар жер қосылсын.
      7) Көктөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылына жалпы көлемі 9,07 гектар, Бутаковка ауылына жалпы көлемі 1,70 гектар, Көлсай ауылына жалпы көлемі 2,40 гектар, Сұлусай ауылына жалпы көлемі 5,0 гектар жер қосылсын.
      8) Нұра ауылдық округінің Нұра ауылына жалпы көлемі 144,8 гектар жер қосылсын.
      9) Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылына жалпы көлемі 19,565 гектар жер қосылсын.
      2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Жұмағұлов Талғат Жапашұлына) жүктелсін.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Т.Ә. Өмірәлиев

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ.Ә. Түргенбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Д.Ж. Теберіков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Тұрысбеков Рүстем Бейсенұлы
      20 ақпан 2012 жыл

      "Талғар ауданы сәулет және
      қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Рысбеков Марат Тұқанұлы
      20 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады