Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылының жаңа көшесіне ат беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 8 ақпандағы N 26 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 5 наурызда N 2-18-140 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімімен және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылының оңтүстігінде орналасқан жаңа көшеге "Қожабеков Насылхан" аты берілсін:
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Бақытнұр Тұрсынбайұлы Атейбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алатау ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 Б. Атейбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады