Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғарғы айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4-24 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 14 мамырда N 2-18-146 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41-252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 41-252 шешімімен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012.11.06 N 10-56 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Талғар ауданы әкімінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 01-1019 ұсынысына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғарғы айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012.11.06 N 10-56 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Әукенов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Д. Теберіков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сафин Асанғали Ануарұлы
      13 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады