Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі "Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 4-24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 қарашадағы N 10-56 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 21 қарашада N 2196 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41-252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 41-252 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4–тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі "Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 4-24 (2012 жылдың 15 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-18-146 нөмірімен енгізілген, 2012 жылдың 26 мамырында аудандық "Талғар" газетінің N 20(4003) жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғарғы айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Талғар ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғарғы айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е. Есімханов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Теберіков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сафин Асанғали Ануарұлы
      06 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады